Өңірлер

Алматыда қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды

© Photo : Алматы қалалық полиция департаменті ұсындыАлматыда қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды
Алматыда қызмет барысында қаза тапқан полицейлерге ескерткіш орнатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2021
Жазылу
Тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты

АЛМАТЫ, 30 тамыз – Sputnik. Алматыда қызметтік борышын өтеу барысында қаза болған полиция қызметкерлеріне арнап ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ескерткіш Әуезов ауданы полиция басқармасында орнатылды. Ашылу салтанатына Алматы қаласы полиция департаментінің басшылығы, ардагерлер, полиция қызметкерлері қатысты.

Ресми ақпаратқа сәйкес, тәуелсіздік жылдарында Алматы полициясының 70 қызметкері қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапты. Оның 32-сі қылмыспен күрес кезінде көз жұмған. Оның ішінде бес қызметкер Әуезов ауданы полиция басқармасында қызмет етті.

"Олардың адалдығы мен ерлігі тарихта қалады. Әрдайым заң мен тәртіпті қамтамасыз ету жолында қызмет етудің үлгісі болып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріледі. Батырлардың есімі біздің жүрегімізде және жадымызда мәңгі сақталады", - деді Алматы полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.

Сонымен қатар полиция департаментінің бастығы ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерлерінің үйіне барды.

Жаңалықтар
0