Оқиға

Қырғыз шекарашылары Қазақстанның екі азаматын ұстады – оқиғаның мән-жайы

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Қырғызстанда оң жақ рөлді көліктерді әкелуге және тіркеуге 2015 жылдан бастап тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Қырғызстанда рөлі оң жақта орналасқан автокөліктерді заңсыз кіргізбек болды деген күдікпен екі қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Sputnik Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 27 тамызда "Чон-Капка – автожол" бақылау-өткізу бекетінде шекарашылар Қырғызстанға оң жақ рөлді Toyota Estima автокөліктерін кіргізуге тырысқан үш адамды ұстады. Оларда Қырғызстанның мемлекеттік нөмірі болған.

Көлікті заңсыз кіргізбек болды деген күдікпен бір қырғызстандық пен екі қазақстандық қолға түсті. Бұл факті Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 223-бабы 2-тармағы 4-тармақшасы "Экономикалық контрабанда" бойынша тіркелді.

Тағы оқыңыз: Қазақ-қырғыз шекарасында 16 млн теңгенің күмісін жасырған ер адам ұсталды

Қазір сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар лауазымды тұлғалар тобы, соның ішінде "Унаа" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері анықталып жатыр.

Айта кетері, Қырғызстанға оң жақ рөлді көліктерді әкелуге және тіркеуге 2015 жылдан бастап тыйым салынған. Алайда бұл талап коммуналдық шаруашылық және жол құрылысына арналған машиналарға қатысты емес.

Жаңалықтар
0