Аңдатпа

Қазақстанда 30 тамызда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Тимур БатыршинНа смотровой площадке парка можно насладиться панорамным видом на Заилийский Алатау или город
На смотровой площадке парка можно насладиться панорамным видом на Заилийский Алатау или город - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Sputnik Қазақстан 30 тамыз – 15 қыркүйек аралығында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

30 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

2021 жылдың 30 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы кітапханасы Женевада (Швейцария) халықаралық ұйымдар өкілдерімен бірқатар іс-шара мен кездесу өткізеді. Оның аясында жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, архивтік және тарихи зерттеулер, дипломатия және халықаралық қатынастармен байланысты салаларда ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттарға қол қойылады.   

30 тамыз – директор Бақытжан Темірболат бастаған Елбасы кітапханасы делегациясының Женева саясат және қауіпсіздік орталығы директорының орынбасары Кристина Орисичпен кездесуі. Кездесу аясында аталған ұйымдар арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.

НҰР-СҰЛТАН

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

12.00 – "А ты знаком с Алдар косе?" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

АЛМАТЫ

15.00 – "Зверский детектив" спектаклі (ARTиШОК театры, Гоголь көшесі, 40).

31 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

31 тамызда Семей ядролық полигонының жабылғанына 30 жыл толуына және Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылған "Қазақстан - БҰҰ: бейбітшілік жолындағы серіктестік" атты халықаралық конференция өтеді. Конференция барысында ағылшын тіліндегі "Ядролық қарусыз әлемге бастар жолда: Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамалары" атты ғылыми жинақ таныстырылады.

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – "Абайлаңыз-балалар" жедел-алдын алу шарасы 1 кезеңінің қорытындысына арналған онлайн-брифинг (WhatsApp – 8778 280 94 94, Сыйлыгүл Наурызбекова).

12.00 – "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

16.00 –"Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).

19.00 – Вечер вокальной музыки "Я сердцу песней говорю..." ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

АЛМАТЫ

19.00 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).

1 ҚЫРКҮЙЕКККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

1-5 қыркүйек - Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасында XVI әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионаты өтеді. 

15 ҚЫРКҮЙЕКККЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

15-17 қыркүйек - XVII Еуразиялық медиафорум. eamedia.org сайтында қатысушыларды тіркеу басталды. БАҚ аккредитациясы бойынша: Жансая Төлеухан, 8(778) 254-60-04, pr@eamedia.org Әсел Мираева, 8 (747) 757-57-35, info@eamedia.org

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0