Дәмханалар мен кешендер әскери бөлімнен небәрі 500 метр қашықта орналасқан.
Sputnik Қазақстан тілшілері сол маңда болып, жарылыс толқынынан зардап шеккен нысандардың қазіргі жай-күйін видеоға түсірді.
Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыс 26 тамыз кешке басталды. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оннан астам жарылыс болған.
Қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталған, оның бір бөлігі Арыстан әкелінген екен. Қорғаныс министрі Арыстан жеткізілген оқ-дәрі қоймада сақталған оқ-дәрінің үштен бірін құрайтынын мәлімдеді. Алайда, Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, жарылысқа бұл оқ-дәрілер себеп болмаған.
Министр әскери бөлім аумағында өрт ошақтары толығымен сөндірілгенін атап өтті. Бірақ кейбір қоймалар әлі де бықсып жатыр.