Қоғам

Тоқаев жарылыстан қаза болғандардың неге барлығын марапаттамады

© Sputnik / Владислав ВодневГлава МЧС Юрий Ильин
Глава МЧС Юрий Ильин - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Ильин офицерлер құрамы бірінші дәрежелі "Айбын" орденімен, қайтыс болған қатардағы жауынгерлер үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталғанын айтты

АЛМАТЫ, 29 тамыз — Sputnik. Қазақстан президенті Тараз маңындағы жарылыстар кезінде қайтыс болғандардың неге бәрін марапаттамады? Бұл сауалға төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин жауап берді.

"Мемлекет басшысының жарлығымен жеке басы анықталған қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктерінің тек кейбір қызметкері ғана марапатталды. ДНҚ сараптама жасалған соң өзге қызметкерлер де наградаға ұсынылады", - деп түсіндірді ол.

Ильин офицерлер құрамы бірінші дәрежелі "Айбын" орденімен, қайтыс болған қатардағы жауынгерлер үшінші дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталғанын айтты.

Ведомство басшысы қызметкерлер ерлігін жоғары бағалаған президентке алғыс білдірді.

"Өрт сөндіру қызметі басшысының орынбасары Мейіржан Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді.  Ол бірінші жарылыстан кейін өрт сөндіруді ұйымдастыру мен адамдарды эвакуациялауға жетекшілік етті", - деді Ильин.

Аман қалған қызметкерлердің айтуынша, Айманов қауіпті аймақтан бірнеше адамды шығарған. Кейін екінші жарылыс болды. Салдарынан өрт сөндіруші көз жұмды.

Тараздағы жарылыс

26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris.p.taraz +21TARAZ🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.taraz)

Жаңалықтар
0