НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Испаниялық жүзуші Себастьян Родригес Велозо Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында бақ сынады.
Родригестің жасы қазір 64-те, жүзуден бірнеше медалі бар, олардың арасында бірқатары – алтын.
Жас кезінде ол кісі өлтіру мен жарылыстар ұйымдастырғаны үшін террористік деп танылған GRAPO солшыл радикалды революциялық топтың мүшесі, марксшіл-лениншіл болды. 1985 жылы Родригес адам өлтіруге қатысқаны үшін сотталып, 84 жылға түрмеге қамалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алайда кейін ол түрмеде аштық жариялады. Салдарынан мүгедек болды — екі аяғынан айырылды. 1994 жылы мерзімінен бұрын босатылды, 2007 жылы Испания үкіметі оған рақымшылық жасады. Дәл сол сәттен бастап Себастьян Родригес Велозо спортпен айналысты. Паралимпиада қозғалысына 2000 жылдан бері қатысып келеді.
"Адам өз қателігінен сабақ алып, мақсатына жетіп, өзгелерге үлгі көрсете алады. Мен көпке үлгі болудан аулақпын, мен тек осы күнге шүкіршілік етіп, болашағымды ойлаймын", - деді спортшы.
Белгілі спортшы Токиода медаль жеңіп ала алмады.