Өңірлер

Аза тұту күні: тараздықтар өрт сөндіру бөліміне гүл апарып жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевГүл шоқтары
Гүл шоқтары - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Өрт сөндіру бөлімінің маңына үстел қойылған, ол жерде әскери қоймадағы жарылыстан қаза тапқан құтқарушылардың суреті тұр

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Тараз тұрғындары Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза болғандарды еске алды.

Сурет ВТВС Tеlegram-каналында жарияланды.

"Адамдар аза тұту күні қаза тапқандар қызмет еткен екінші шағын аудандағы өрт сөндіру бөлімінің алдына гүл шоқтарын қойып жатыр", - деп жазылған фото астында.

Өрт сөндіру бөлімінің маңына үстелдер қойылған, ол жерде ерлікпен көз жұмған бес адамның суреті тұр. Олардың арасында:

  • Темірболатов Арнұр Серікұлы  – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №3 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі (өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары).
  • Төребеков Тәңірберген Құдайбергенұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндіруші-құтқарушысы;
  • Айманов Мейіржан Қақпасынұлы – Жамбыл облысы ТЖ департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары.

Соңғы мәлімет бойынша Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында әскери қызметшілер, өрт сөндірушілер, құтқарушылар, әскери прокурор бар. Тағы үш адам іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтар
0