Оқиға

Ақтөбеде 6 жасар қыз үйінен қашып кетті

© PhotoСемейное насилие - иллюстративное изображение
Семейное насилие - иллюстративное изображение - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2021
Жазылу
Қарастырылып отырған бапқа сәйкес 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемдегі айыппұл төлету қарастырылған

АЛМАТЫ, 29 тамыз — Sputnik. Ақтөбеде әйел туған қызын соққыға жықты. Алты жасар бала үйінен қашып кетті, деп жазады "Мой ГОРОД" басылымы.

Ақтөбе облыстық полициясы әйел баланы үнемі ұрғанын анықтады. Қыз Тургенев көшесіндегі үйінен шығып, қайта оралмаған. 

Бірнеше сағаттан кейін патрульдік полицейлер жоғалып кеткен қызды тапты. Ол күні бойы отбасылық демалыс саябағында болған.

Баланың денесінде қанталау ізін көрген полицейлер жедел жәрдем шақырды. Қыздың ата-анасы сол күні полиция бөліміне жеткізілді. Профилактикалық есепке қойылды.

Анасына қатысты қылмыстық кодекстің 140-бабына сәйкес ("кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бұл бап бойынша 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе ірі көлемдегі айыппұл төлету қарастырылған. 40 тәулікке дейін қамауға алып, 3 жылға дейін кейбір лауазым мен қызметте болу мүмкіндігінен айырылуы да ықтимал.

Жаңалықтар
0