НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желі қолданушылары Жамбыл облысындағы төтенше жағдай салдарынан өртенген өрт сөндіру машиналарының суреттерін бөлісіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фотосуретте оқиға орнында түгі қалмай өртеніп кеткен арнайы техника мен жеңіл көліктер көрініс тапқан. Сонымен қатар әскери қойманы сөндіруге тырысқан құтқарушылардың видеосы таралды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қайғылы оқиға 26 тамыз кешкі жетілер шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданында болды. Алдымен әскери бөлімнің қоймасынан өрт шыққан. Артынша бірнеше жарылыс болды. Қоймада инженерлік оқ-дәрі сақталғаны анықталды.
Жақын маңдағы елді мекен тұрғындары шұғыл Тараз қаласына эвакуацияланды. Соңғы деректер бойынша төтенше жағдай салдарынан 13 адам қаза тапты. Олардың арасында ТЖ министрлігі, әскери бөлім, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар.