Оқиға

Әскери бөлімдегі жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті

© Sputnik / Абзал КалиевВрач в защитной маске едет в машине скорой помощи
Врач в защитной маске едет в машине скорой помощи  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Жазылу
Жарылыс кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған

НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он үш адамға жетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Поселок Жибек жолы. Последствия взрывов в воинской части в Байзаковском районе - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Оқиға
"Үйіміз сілкініп жатқандай болды": Жамбыл жұртшылығы жарылыс болған түнді қалай өткізді
Нақтыланған мәлімет бойынша, Жамбыл облысындағы  тағы бір адамның денесі табылды. Оның жеке басы анықталып жатыр.

Айта кетері, жарылыс кезінде төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар:

1.    Темірболатов Арнұр Серікұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3-ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушы;

2.    Сандыбаев Елдос Қадырбайұлы – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 3 – ӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

3.    Микропуло Александр Николаевич – Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі, өрт сөндіру басшысының орынбасары;

4.  Төребеков Тәңіберген Кұдайбергенұлы - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ Тараз қаласы 1 – МӨСБ аға өрт сөндіруші-құтқарушы;

5.  М.К.Айманов - Жамбыл облысы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығының орынбасары;

Сондай-ақ, үш адамның денесінің жеке бас мағлұматтары анықталуда. Жоғалған үш адам іздестіріліп жатр.

Жаңалықтар
0