Саясат

Путин Қазақстан президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуРесей президенті Владимир Путин
Ресей президенті Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2021
Жазылу
Ресей президенті қаза тапқандардың отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жамбыл облысындағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Жамбыл облысында жарылғыш заттардың жарылуынан болған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамын. Қаза болған азаматтардың отбасыларына қолдау мен жұбату сөздерімді жеткізуді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", - деді Путин.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешке Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймаларының бірінде жарылыс болды. Салдарынан 13 адам қаза тапты.

Тағы оқыңыз: Тараз түбіндегі жарылыс: желіде жантүршігерлік суреттер мен видеолар жарияланды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы трагедияға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Жаңалықтар
0