НҰР -СҰЛТАН, 28 тамыз – Sputnik. "Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаевтың өз уәкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтінішін қарады.
"2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "Қазпошта" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқаруды Серік Саудабаевқа жүктеу туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ баспасөз қызметі.
Алпысбаев – "Қазақстан темір жолының" экс-басшысы, ұлттық компанияны 2016 жылдан 2018 жылға дейін басқарды.
Серік Саудабаев 1977 жылы туған. Жоғары экономикалық және жоғары заңгерлік білімі бар.
2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін "Самұрық-Қазына" АҚ-ның "Қазақтелеком" және "Қазпошта" сияқты активтеріне жауапты салалық дирекциясын басқарды.
2010 - 2014 жылдар аралығында және 2016 жылдан осы уақытқа дейін Серік Саудабаев "Қазпошта" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болды.
Сонымен қатар Серік Саудабаев – "Қазақтелеком" АҚ мен " Kcell" АҚ директорлар кеңесінде акционер мүддесінің өкілі және "QazCloud" ЖШС бақылаушылар кеңесінің мүшесі.