НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасындағы жарылыстан тағы бір әскери қызметші көз жұмғанын хабарлады.
Жарылыстан тағы бір әскери қызметші – өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы 1992 жылғы Еркін Нәдірбеков қаза тапты.
"Ол инженерлік оқ-дәрі қоймасындағы өртті сөндіру жұмысын басқарған. Жарылыстан кейін оқиға орнында қаза болды. 27 тамыз күні жоғалғандар қатарына енген әскери қызметшілер арасында болған", - деп мәлімдеді ведомство.
Қорғаныс министрлігінің басшылығы марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты. Министрлік оның отбасына қажетті көмек көрсетуге уәде етті.
Тағы оқыңыз: Әскери бөлімдегі жарылыс: министрлік қаза болғандардың аты-жөнін жариялады
Бұған дейін Тараз маңындағы жарылыстан төрт әскери қызметшінің көз жұмғаны хабарланған болатын.