Оқиға

Қаза болғандардың отбасы мен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі - Сапарбаев

© Sputnik / Тимур БатыршинРодственники некоторых пострадавших при взрывах на военных складах до сих пор находятся у 1-й городской многопрофильной больницы Тараза
Родственники некоторых пострадавших при взрывах на военных складах до сих пор находятся у 1-й городской многопрофильной больницы Тараза - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Әкімдік мамандары әскери қоймаға жақын тұрған үш ауылды аралап, жарылыстан зардап шеккен үйлерді қарап шықты, деді облыс әкімі

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жарылыстан зардап шеккен бірде-бір адам көмексіз қалмайды. Бұл туралы Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Заң бойынша төтенше жағдай кезінде зардап шеккендерге мемлекеттік көмек пен қолдау шаралары қарастырылған. Бұдан бөлек, демеушілер мен жергілікті бюджеттің есебінен қайтыс болғандардың отбасыларына көмек беріледі", - деді Сапарбаев арнайы брифингте.

Әкімінің айтуынша, бүгін таңертең Байзақ аудандық әкімдігінің мамандары әскери қоймаға жақын тұрған үш ауылды аралап, жарылыстардан зардап шеккен үйлерді қарап шықты.

"Ол жақта жанып кеткен үйлер жоқ. Тек шатырларға зақым тиген. Соның өзінде шифер ғана, сосын терезелердің шынысы мен есіктер сынған. Біз арнайы комиссия құрдық. Олар әрбір үйді зерделеп, қанша үйдің зардап шеккенін анықтайды. Сол кезде заң бойынша бәрін қалпына келтіретін боламыз. Жарылыстардан зардап шеккен бірде-бір адам көмексіз қалмайды", - деп атап көрсетті аймақ басшысы.

Осы орайда Сапарбаев әлеуметтік желіде тарап жатқан алыпқашпа әңгімеге сенбеуге шақырды.

"Шұғыл штаб бар. Сол жерден нақты ақпарат алуға болады. Ал жалған мәліметке сенбеңіздер. Әйтпесе, кеше түнде "10 мың адамды эвуакциялады, ондаған адам қайтыс болды, бәленбай үй өртенді" деген әңгімелер тарап кетті. Оған сенбеңіздер. Біз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үнемі ақпарат беріп отырамыз", - дейді әкім.

Әскери қоймадағы жарылыс

26 тамызда кешкі сағат 19:00 шамасында Байзақ ауданындағы әскери бөлімге қарасты қоймалардың бірінде өрт шығып, оннан астам жарылыс болды. Өртті сөндіруге әскери бөлімнің жеке құрамы мен төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды.

Өрт сөндіру кезінде төрт әскери қызметші қаза болды. Ведомство олардың аты-жөнін жариялады: сержант Марат Мешінбай, ефрейтор Руслан Жанболатов, әскерилендірілген күзет қызметшісі Оразбек Далибаев және әскери прокурор Арман Капезов.

Облыстық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, барлығы 88 адамға медициналық көмек көрсетілген.  27 тамыз сағат ондағы жағдай бойынша 28 адам ауруханада ем қабылдап жатыр. Соның ішінде 6 адам орташа ауыр хәлде жатыр. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Қауіпсіздік мақсатында жолдар жабылып, темір жол қозғалысы тоқтатылды.

Жаңалықтар
0