НҰР -СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Қостанай мектебінің директоры мұғалімдердің еңбекақысына бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталуда. Екінші қалалық сотта мектеп директорына қатысты қылмыстық істі қаралды, деп жазды "Наша газета".
Іс материалдарына сәйкес, 2019 жылдан 2020 жылға дейін М. мектеп педагогтары мен техникалық қызметкерлердің бос қызмет орны ставкаларын қол астындағыларға үлестіріп келген. Бірақ қосымша жұмыстың ақысын өзі алып отырған.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында екі мектеп директоры қылмыскер болып шықты
Математика пәні мұғалімінің айтуынша, директор оның жалақысының бір бөлігін алған.
"Көбінесе мен бір жарым ставкамен жұмыс істедім, бірақ жалақыны жарты ставкаға ғана алдым, – деп түсіндірді куәгер. – Маған сенің ақшаң емес деп бермейтін, төрт баланың анасы екенімді, барар жерім, басар тауым жоқ екенін білсе де, солай істеді", - деді мұғалім.
Сонымен қатар сотталушының адвокаты атап өткендей, мұғалім директор алып қойды деген ақшаның нақты сомасын да, қай күні болғанын да айта алмай отыр.