Оқиға

Жамбыл облысындағы жарылыс: төрт әскери қызметші қаза болды

© Photo : Официальный сайт Минобороны Казахстана Министерство обороны Казахстана
 Министерство обороны Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Қорғаныс министрінің хабарлауынша, әскери қоймада барлығы 10-нан астам жарылыс болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Тараздағы әскери бөлімде өрт сөндіру барысында 4 әскери қызметші қаза тапты. Бұл туралы оқиға орнына аттанған қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ең алдымен апатта өрт сөндіру барысында қаза тапқан төрт әскери қызметкердің жақын туыстарына көңіл айтамыз", - деді ол брифингте.

Сондай-ақ ол жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Айтуынша, 26 тамызда сағат 18:45-те "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтың базасындағы қоймалардың бірінен өрт шыққан. Өртті сөндіруге ең алдымен әскери бөлімнің өрт сөндірушілері аттанды. Әскери бөлімдегі кезекші бірден "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылықтың басшылығына хабар берді.

Өрт шыққаннан кейін бір сағаттан соң алғашқы жарылыстар басталды. Барлығы 10-нан астам жарылыс болды.

Оқи отырыңыз: "Әдейі өртелуі де мүмкін": Ермекбаев әскери қоймадағы жарылыстың себебін атады

 

Жаңалықтар
0