Оқиға

Жамбыл облысындағы трагедия: тағы 3 адамның мәйіті табылды

© Sputnik / Тимур БатыршинЧП в воинской части в Жамбылской области. Оцепление
ЧП в воинской части в Жамбылской области. Оцепление - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Осылайша жарылыстан қаза тапқандардың саны он екі адамға жетті. Марқұмдардың жеке басы анықталып жатыр

НҰР -СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он екі адамға жетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Нақтыланған мәліметтер бойынша Жамбыл облысындағы  жарылыс салдарын жою кезінде қаза тапқан тағы үш адамның денесі табылды. Қызметкерлердің жеке басы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 50-ге жуық қызметкері түрлі дәрежеде дене жарақат алған.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде бірнеше жарылыс болды. Салдарынан жалпы саны 12 адам қаза тауып, 98 адам жарақат алды. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0