Қоғам

Президент кешірім жасау комиссияның төрағасын тағайындады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Комиссияның құрамынан Игорь Рогов шығарылды. Ал оның орнына Нұрлан Әбдіров келді

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Сенат төрағасының орынбасары Нұрлан Әбдіров Қазақстан президенті жанындағы кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы қызметіне тағайындалды.

Ақорданың ресми сайтында жарияланған жарлыққа сәйкес, комиссияның құрамынан Игорь Рогов шығарылды. Ал оның орнына Нұрлан Әбдіров келді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Нұрлан Әбдіров туралы не білеміз

Әбдіров Нұрлан Мәжитұлы 1961 жылы 12 қаңтарда Қарағанды облысының Шет ауданындағы Ақсу-Аюлы ауылында дүниеге келген. КСРО ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

Әр жылдары ішкі істер министрлігінде, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес агенттігінде түрлі қызметтер атқарды.

2002 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің құрылымында жұмыс істеді. 2009 жылдан бастап мәжіліс депутаты болды. Ал 2020 жылы қыркүйек айында сенат төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Жаңалықтар
0