Қоғам

Тараз түбіндегі жарылыс: қаза болғандар саны 9 адамға жетті

© Sputnik / Тимур БатыршинМногопрофильная больница города Тараза №1
Многопрофильная больница города Тараза №1 - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Қаза тапқандардың арасында ТЖ министрлігі, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімнің қоймасындағы болған жарылыстан тоғыз адам көз жұмды, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"13:00-дегі жағдай бойынша Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан барлығы 9 адам көз жұмды, оның ішінде ТЖ министрлігі, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратураның қызметкерлері бар", - делінген хабарламада.

Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖ департаменттерінің 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында төтенше жағдайлар министрі бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істеп жатыр.

  • Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылды:
  • ТЖМ – 153 қызметкер, 46 бірлік техника,
  • ДП – 400 қызметкер, 54 бірлік техника,
  • №28349 ә/б – 8 қызметкер, 2 бірлік техника,
  • №5513 ә/б – 273 әскери қызметші, 12 бірлік техника,
  • Ұлттық Ұлан – 520 адам және 250 адам резервте.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін қауырт желі ашылды: 33-32-89, 53-32-79, 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстардан бес адамның қаза тапқаны хабарланды.

Олар: сержант Марат Мешінбай, ефрейтор Руслан Жанболатов, әскерилендірілген күзет қызметшісі азамат Оразбек Далибаев, Оңтүстік өңірдің әскери прокуроры, әділет полковнигі Арман Қапезов, өрт сөндіру командасының бастығы, келісімшарт қызметінің старшинасы Еркін Нәдірбеков.

Жаңалықтар
0