Оқиға

Тараз маңындағы жарылыс: қоймадағы өрттің себебі әлі анықталған жоқ

© Sputnik / СтрингерВзрывы на складе в Жамбылской области
Взрывы на складе в Жамбылской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Әскерилер инженерлік оқ-дәрі жарылған қоймадағы жағдайды ұшқышсыз ұшатын аппараттардың көмегімен бақылап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысы Байзақ ауданында әскери бөлімдегі өрттің себебі әзірге анықталған жоқ, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

"Жарылыс тоқтады, бірақ өрт әлі жалғасып жатыр. Бірқатар инженерлік оқ-дәрі мен жарылғыш заттар жанып, жарылуы мүмкін", - деп мәлімдеді ведомство.

Әскерилер қоймадағы жағдайды ұшқышсыз ұшатын аппараттармен бақылап отыр, оқиға ауданы қоршалған. Бұған қоса, қорғаныс министрі "Оңітүстік"өңірлік қолбасшылық әскерлерімен бірге бронетехникамен қойма аумағына аттанды.

Жамбыл облысы әкімінің басшылығымен жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды.

Тағы оқыңыз: Жамбыл облысындағы жарылыс: дәл қазір не болып жатыр — фото

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда 19.00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінен өрт шықты.

Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері жұмылдырылды. Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жамбыл облысындағы жарылыстан кейін Тараз қаласының №1 қалалық ауруханасына түрлі жарақатпен 60-тан астам адам түсті.

Жаңалықтар
0