Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүреді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Сенбі және дүйсенбі автобустар жүреді, ал жексенбі күні қозғалыс тоқтатылады

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. CTS компаниясы елордада алдағы демалыс күндері қоғамдық көлік қалай жүретінін хабарлады.

Сенбі, 28 тамызда автобустар қатынайды, ал жексенбіде жүрмейді. 29 тамызда қала автопарктерінде дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

"30 тамыз – мереке күні, бірақ демалыс емес. Сол себепті күніңізді қоғамдық көлік жүретінін ескеріп жоспарлаңыз", - делінген компания хабарламасында.

Еске салсақ, жуырда Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулы шығарды. Онда сенбі күндері қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат етілген.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда карантин жеңілдетілді – жаңа қаулы шықты

Айта кетері, мемлекеттік мереке саналатын 30 тамыз - Конституция күні дүйсенбіге түсіп тұр. Сондықтан биыл қазақстандықтар 28, 29 және 30 тамыз күндері демалады.

Жаңалықтар
0