Оқиға

Қорғаныс министрлігі: ауруханада жатқандардың барлығы - әскери қызметшілер

© Photo : Официальный сайт Минобороны КазахстанаМинистр по чрезвычайным ситуациям и аким Жамбылской области посетили лечебные учреждения, где находятся пострадавшие в результате пожара
Министр по чрезвычайным ситуациям и аким Жамбылской области посетили лечебные учреждения, где находятся пострадавшие в результате пожара - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Жазылу
Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету шараларына Тараз гарнизонының әскери госпиталі де тартылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 тамыз – Sputnik. Әскери қоймадағы өрттің қарқыны төмендеді. Бұл туралы қорғаныс министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қорғаныс министрлігі ұшқышсыз ұшу аппараттары кешенімен жабдықталған бақылау бекетінен өрт пен жарылыс болған инженерлік оқ-дәрілер қоймасындағы ахуалды бағалады. Өрт қарқынының төмендегені анықталды", - делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев емдеу мекемелеріне барып, зардап шеккен адамдардың жағдайын көріп қайтты.

Қазіргі уақытта ауруханаға 28 адам жатыр. Олардың барлығы дерлік әскери бөлімнің қызметшілері. Медициналық көмек көрсету шараларына Тараз гарнизонының әскери госпиталі де тартылып отыр.

© Photo : Официальный сайт Минобороны КазахстанаҚорғаныс министрі, төтенше жағдайлар министрі мен Жамбыл облысының әкімі ауруханаға барып, зардап шеккендердің жағдайын көріп қайтты
Қорғаныс министрлігі: ауруханада жатқандардың барлығы - әскери қызметшілер  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2021
Қорғаныс министрі, төтенше жағдайлар министрі мен Жамбыл облысының әкімі ауруханаға барып, зардап шеккендердің жағдайын көріп қайтты

Министрлер эвакуацияланған тұрғындарды қалай орналастырғанын да көрді. Халықты керек-жарақпен қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

Тараз горнизонында төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен әскери қызметшілерге, азаматтық персоналға және олардың отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету және оңалту тобы құрылды.

Сондай-ақ қорғаныс министрлігінде және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында байланыс орталықтарының жұмысы басталды.

Оқи отырыңыз: Әскери бөлімдегі жарылыс: министрлік қаза болғандардың аты-жөнін жариялады

 

Жаңалықтар
0