Саясат

"Халықтың проблемасын білуіміз керек": Назарбаев саяси кеңестің отырысын өткізеді

Нурсултан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Nur Otan партиясының төрағасы халықпен жұмыс істеуді жалғастыру қажеттігін ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдады, деп хабарлады Elbasy.kz сайты.  

"Биыл партия бірнеше маңызды науқанды өткізді. Біз парламент мәжілісінің сайлауына қатысып, жеңіске жеттік. Сондай-ақ ел тарихында алғаш рет ауыл әкімдерінің сайлауы өтті. Партияның орталық аппараты мен филиалдары жергілікті жерде біраз жұмыс атқарды. Қараша айында саяси кеңестің кеңейтілген отырысын өткізу жоспарланып отыр. Сол жерде көзге түскен партияның белсенді мүшелерінің жұмысын атап өтуіміз керек", - деді Назарбаев.

Nur Otan төрағасы халықпен жұмыс істеуді жалғастыру қажеттігін ерекше атап өтті. Сондай-ақ сайлау алдында айтылған барлық уәдені орындау қажет.

"Халықтың проблемасын білуіміз керек. Соны атқарушы органдарға жеткізіп, шешілуін жіті бақылауда ұстаған маңызды. Партиямыздың беделін күшейте беруіміз керек", - деді Назарбаев.

Ал Бауыржан Байбек ауыл әкімдерінің сайлауы бойынша есеп берді. Оның айтуынша, Nur Otan партиясының мүшелері белсенді болған.

"Ауыл әкімдерін тікелей сайлаудың қорытындысы бойынша партиямыздың өкілдері округтардың 86 процентінде жеңіске жетті. Партиядан сайланған 35 әкім – жаңадан келген адамдар. Жалпы әкімдер корпусы 50 процентке жаңарды. Орташа жасы – 46. Әйелдердің үлесі 11 процент, ал жастардың саны 14 процентті құрап отыр", - дейді Байбек.

Оның айтуынша, жыл басынан бері партияның қабылдау бөлімдеріне 103 мың адам шағымданған. Өңірлерде өзекті деген 4,5 мың әлеуметтік мәселе бақылауға алынды.

Кездесудің соңында Елбасы орталық аппарат пен аймақтық филиалдарға саяси кеңестің кеңейтілген отырысына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды.

Жаңалықтар
0