Өңірлер

Оқ-дәрі қоймасында алты жарылыс болды – қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Сергей Аверин / Медиабанкке өтуБоевой снаряд, архивное фото
Боевой снаряд, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Қоймада көбінесе ұзақ қашықтыққа ұшпайтын инженерлік оқ-дәрілер сақталған  

АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Жамбыл облысындағы оқ-дәрі қоймасында алты жарылыс болды, деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Бұған дейін облыс әкімдігі оның ішінде ауқымды екі жарылыс болғанын хабарлады.

Медициналық көмекке 32 зардап шеккен адам жүгінді, оның ішінде он адам – әскери қызметші.

"Бүгін сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қоймалардың бірінде шыққан өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Әскери бөлімнің өрт сөндіру командалары мен шынжыр табанды арнайы өрт сөндіру техникасы, сондай-ақ Жамбыл облысы бойынша төтенше жағдай департаментінің өрт сөндірушілері жұмылдырылды", - делінген ақпаратта.

Қоймада көбінесе ұзақ қашықтыққа ұшпайтын инженерлік оқ-дәрілер сақталған.

Сондай-ақ халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялау басталды. Жарылысқа жақын маңдағы Базарбай, Үшбұлақ, Жаңатұрмыс ауылдарының тұрғындары эвакуацияланып жатыр.

Оқиға орнына қорғаныс министрі, төтенше жағдайлар министрі, қорғаныс министрінің орынбасары және қорғаныс ведомствосының комиссиясы ұшып шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Бұл бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан.

Жаңалықтар
0