НҰР -СҰЛТАН, 26 тамыз - Sputnik. Жамбыл облысында әскери бөлімнен өрт шығып, жарылыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Аталмыш бөлім Тараз қаласынан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды", - деп хабарлады қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының ТЖД өрт сөндіру есептоптары көмектесіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өрт ошағын жою жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.
Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.