Қоғам

Шекара бөлімшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді

© Sputnik / Владислав ВодневНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Ұлттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің бірі енді тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Алматы облысындағы "Баянқол" шекара бөлімшесіне Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.

Премьер-министр Асқар Мамин тиісті үкімет қаулысына қол қойды.

"Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаменті Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасының "Баянқол" шекара бөлімшесінің атауы "Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атындағы" шекара бөлімшесі деп ауыстырылсын", - делінген құжатта.

Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтар
0