НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Ауғанстан астанасындағы әуежайға жақын жерде жарылыс болды, бұған дейін кейбір елдердің барлау қызметі теракт жасалатынын ескерткен еді.
Кей мәлімет бойынша көптеген адам қаза тауып, жараланған, нақты саны әзірге белгісіз. Алдын ала мәліметте жарылысты жанкешті жасағаны айтылды.
Пентагонның хабарлауынша, жарылыс әуе айлағының сыртында болған.
"Куәгерлер жанкешті шабуыл жасағанын және жауынгер мен коалиция арасында атыс болғанын хабарлады", - деп жазды ауған журналисі Биляль Сарвари Twitter-де.
Кейінірек жарылыс ұлыбританиялықтар орналасқан Baron қонақ үйінің жанындағы әуежайға қарама-қарсы бетте болғаны анықталды.
Бұған дейін Кабул әуежайында теракт болуы мүмкін екендігі ескертілген болатын. Осыған байланысты кейбір елдер эвакуацияны мерзімінен бұрын аяқтады.