Экономика

Долларға қауіп төнді ме - сарапшылар пікір білдірді

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуДоллары США, иллюстративное фото
Доллары США, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2021
Жазылу
Доллар әскери-саяси күш, технологиялық көшбасшылық және қаржы манипуляцияларының арқасында әлсіремейді, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Мамандар долларды кезекті құлдырау күтіп тұр деген болжам жасады. Бұл жолы АҚШ валютасының арзандауына "ауған факторы" әсер етуі мүмкін, деп жазады РИА Новости.

Goldman Sachs Asset Management бұрынғы төрағасы және Ұлыбританияның бұрынғын қаржы министрі Джим О’Нилл америкалық ақшаның тағдырына алаңдаушылық танытты. Ол бұл валюта көшбасшы рөлінен кетті деп санайды. Әлемдік валюта мәртебесіне де қауіп төніп тұр. Америкалық әскерилерді Ауғанстаннан асығыс алып кету жағдайды одан бетер ушықтырып жіберді.

Доллары США - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.02.2021
Әлем
Ресей АҚШ-тың мемлекеттік қарызына миллиард доллар салды
АҚШ Вьетнамнан кеткен 1975 жылы да доллар қиын кезеңді бастан өткізді. Бірақ Жапония, Германия мен Қытай бағамның қатты ауытқуын болдырмас үшін аянып қалмады. Бейжің ішкі және халықаралық нарықтағы юань деңгейін кеңейтуден бас тартып келді.

Қазір жағдай басқа. Экономикалық өсім драйвері Азияға қарай ығысып жатыр. Мұнда Қытай Халық Республикасының ықпалы басым. Өткен ғасырдың ортасынан бастап қытайлар әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесті төрт есе, яғни 20 процентке жуық арттырды. АҚШ-та – 24 процент.

Халықаралық валюта қоры SDR қоржынын кез келген валютаға айырбастауға болатын арнайы қарыз құқықтарын қарастырып жатыр. Джим О’Нилл юань күшейсе, әлемдік қаржы жүйесі өзгеретінін айтты.

Еуропа орталық банкінің мәліметі бойынша, 2018 жылы халықаралық резервтегі америкалық валютаның үлесі 61,7 процентке дейін төмендеді. Өткен жылы 1995 жылдан бері тұңғыш рет 60 проценттен төмен түсті.

Бұған АҚШ-тың монетарлық билігі де ықпал етті. Пандемия өршіп тұрған шақта олар баспа станогін бар қуатымен іске қосты. Экономикаға триллиондаған қаражат салынды. Инфляция 13 жылдағы ең жоғары көрсеткіш – 4,5 процентке жетті.

Қазіргі доллар қарқынын "алға бір, артқа екі қадам" деп сипаттауға болады. Сондықтан алаңдатарлық болжамдар жиіледі. Кабулдағы сәтсіз эвакуация бұл жағдайды қиындатпаса, жеңілдеткен жоқ.

Экономистердің басым бөлігі Ауғанстанда болып жатқан жағдайдан тікелей экономикалық қауіп туындап отырмағанын айтады. Бұл елдің әлем экономикасына ықпалы елеусіз. Ал бәсекелестер америкалық валютаны шындап ығыстыра алмайды.

"Жапония экономикалық және әскери-саяси мәселеде АҚШ-тың ыңғайына қарайды. Ол өз бетінше қандай да бір әрекет жасамайды. Соңғы уақытта Вашингтонға қырын қарап жүрген Қытай да әлі де америкалық нарыққа тәуелді. Бейжің жағдайды ушықтырмайды", - деп санайды РХДУ экономика факультетінің доценті Владимир Григорьев.

Деньги, тенге, доллары - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2020
Қоғам
Қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінгені рас па - Аймағамбетов жауап берді
Доллар әскери-саяси күш, технологиялық көшбасшылық және қаржы манипуляцияларының арқасында әлсіремейді. Қазіргі басты проблеманың бірі – ақша массасының өсуі. Алайда ықпал ету тетігі бәрібір АҚШ Федералдық резерв жүйесінің қолында тұр. Ол жыл соңына дейін қатаң саясатқа көшуі мүмкін: негізгі мөлшерлемені арттыру арқылы ұлттық валютаны нығайта алады.

Мұны 18 тамызда Федералдық резерв жүйесі жариялаған комитет отырысының хаттамасы растап отыр. Мамандар бұл құжатта баспа станогін тоқтату туралы ақпарат бар екенін айтты. Нарық бұл қарашада іске асады деп күтіп отыр. 

2022 жылы мөлшерлеме ұлғайтылып, бұл да доллардың нығаюына ықпал етеді. Алайда АҚШ тағы бір кезекті ауқымды әрі үлкен шығынды қажет ететін соғысқа қатысса, валюта қайта әлсіреуі мүмкін. Әзірше Ақ үй бұл сценарийден мейлінше қашқақтап отыр.

Бірнеше онжылдықтан бері долларды әлемнің қаржы аренасынан ығыстырып тастауға тырысып келеді. Расында да халықаралық операциялардағы еуро мен юань үлесі артып жатыр. Бірақ Еуроодақ пен Қытай негізінен экспорттаушы, ал АҚШ олардың негізгі сауда нарығы екенін ұмытпаған жөн.

Оның үстіне еуроаймақ пандемиядан кейінгі дағдарыстан баяу бас көтеріп жатыр.

"Біртектіліктің болмауы кедергі болып отыр. Германия, Франция, Австриядан басқа да елдер бар. Егер Оңтүстік Еуропа еңбектің жалпыеуропалық бөлінісінде аз да болса қатысса, Чехияны есепке алмағанда, Шығыс және Балтық маңы өңірді төмен тартып жатыр. Бірақ әлемде еуро доллардан кейінгі мықты валюта екенін де естен шығармаған абзал", - дейді Владимир Григорьев.

Тәуелсіз қаржы кеңесшісі Анна Харченко әлем экономикасында Америкадан кейін қытай экономикасы тұрғанын айтты. Әйтсе де юань жаһандық саудада соншалық танымал емес.

Халықаралық валюта қорының ақпараты бойынша, әлемнің орталық банктерінде 11,1 триллион долларға тең ақша массасы сақтаулы тұр. Оның 6 миллионы Америка валютасында болса, еуро – 2,3 миллион.

"АҚШ-тың қаржы нарығы әр алуан. Ол бүкіл әлемнен капитал тартып отыр. Еуропалықтар мен қытайлар тәуекел ете алмаған жобаларға инвестициялар да осы жақтан жіберілуде", - дейді PFL Advisors инвестиция компаниясының басқарушы серіктесі Федор Наумов.

"Қаражатты сақтау үшін үнемі долларды таңдайтын болады. Әсіресе Ресейде. 2014 жылдан бастап америкалық валютаға шаққанда рубль біршама арзандады. Пандемиядан бері шамамен 25 процентке төмендеді", - дейді Қаржыны басқару жоғарғы мектебінің аналитикалық зерттеулер бөлімінің жетекшісі Михаил Коган.

Алайда қауіпті мейлінше азайту үшін ақшаны түрлі валютада сақтаған дұрыс деп санайды мамандар. Оның үстіне валюта капиталды арттырмайды. Экономистер артық ақшаны акциялар, облигациялар, жылжымайтын мүлікке салуға кеңес берді. Жыл соңына дейін доллар 73-80 рубль, 1,13-1,14 еуро деңгейінде қалады деп болжап отыр. Нарыққа қаржы саласындағы жаңалықтар мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай да ықпал етеді.

Жаңалықтар
0