НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3,5 есе асады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қала әкімі Алтай Көлгіновтың айтуынша, өткен оқу жылында мектепті 7 мыңнан астам түлек бітірсе, жаңа оқу жылында 24 мыңға жуық жаңа оқушы келеді деп болжанып отыр. Жыл сайын бірінші сынып оқушыларының саны түлектер санынан 3 еседен астам асады.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі биыл 15 мектеп салынатынын атап өтті, бұл – 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда 2 есе және 2019 жылмен салыстырғанда 4 есе көп.
"Құрылыс кезінде мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуы да ескеріледі. Оқу орындары қаланың барлық ауданында, соның ішінде тұрғын алаптарында салынуда. Оқу орындарына қажеттілік бар аудандарға назар аударылады", - деп нақтылады әкім.
Елордада алдағы 5 жылда жол картасы аясында 67 мектеп салу жоспарланып отыр. Оқу орындарын салу, оның ішінде жеке инвестиция тарту есебінен жүргізілуде. Бұл үш ауысымды және оқушылары тым көп мектептердің проблемасын шешеді.