НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Ақмола облысының көші-қон қызметі жеке куәлікті уақытында ауыстырмағандарға қандай шара қолданылатыны туралы айтты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабына сәйкес, жеке куәлігін алуға уақытылы жүгінбеген азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Мәселен он күннен бір айға дейін жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз жүргені үшін ескерту жасалады", - дейді көші-қон қызметінің мамандары.
Ал жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен, не тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру мерзімі бір айдан асып кетсе, 7 айлық есептік көрсеткіш (20 419 теңге) көлемінде айыппұл салынады.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар болса, Қазақстанда тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз, не тұруға ықтиярхатсыз немесе куәліксіз он күннен артық жүріп қалған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш (20 917 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттеледі.
"Ішкі істер органдарына паспорттың, тұруға ықтиярхаттың, не азаматтығы жоқ адамның куәлігінің жоғалғаны туралы уақтылы хабарламағаны үшін де тура сондай айыппұл қарастырылған", - дейді мамандар.
Ресми мәліметке сәйкес, биыл жеті айдың ішінде Ақмола облысында 50 мыңнан астам адам құжат алды. Олардың ішінде 11 мың адам паспорт және 40 мыңнан астам адам жеке куәлік алған.
Оқи отырыңыз: eGov.kz порталында цифрлық құжаттар пайда болды