НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметінде кадрлық ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Ақорда.
Президенттің жарлығымен Ермек Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысы өз өкімімен Сағымбаевты Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымынан босатты.
Тағы оқыңыз: Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Батырбек Байбосынов Сағымбаевтың орынбасары болды.
Еске салсақ, бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметін Қалмұханбет Қасымов басқарды. Осы жылдың 30 шілдесінде президенттің жарлығымен ол қызметінен босатылды. Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қалмұханбет Қасымов отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өзі өтініш бергенін хабарлады.
Осыдан кейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндетін уақытша атқару Ермек Сағымбаевқа жүктелді.