Мәдениет

Димаш Сочиде тыңдармандар жүрегін тағы бір жаңа әнмен жаулады - видео

© Sputnik / Екатерина Лызлова / Медиабанкке өту Димаш Құдайберген Сочиде өтіп жатқан "Новая волна-2021" байқауында
 Димаш Құдайберген Сочиде өтіп жатқан  Новая волна-2021 байқауында - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.08.2021
Жазылу
Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері әншіні Сочиде өтіп жатқан "Новая волна" байқауында гүлдің астында қалдырды

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Димаш Құдайберген "Новая волна" концертінде кезекті жаңа әнін орындап, жанкүйерлерін қуантты.

Fly Away әнінің авторлары Еліжан Ғаббасов пен Джордан Аракелян.

Димаш Құдайберген сахнаға аппақ костюм мен шляпа киіп шықты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от dimash_dailynews (@dimash_dailynews)

Көремендер жаңа әнді жылы қабылдап, Димашты гүлдің астында қалдырды.

Димаш Құдайберген жаңа әнді орындау кезінде ерекше әсерде болғанын айтып, ән авторларына алғыс білдірді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash 🎼 Club (@dimash.musicclub)

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Димаш тыңдармандардың жүрегін қобызбен орындалған Stranger әнімен жаулаған болатын.

Бұл жолы қазақстандық танымал әнші "Новая волна" халықаралық байқауына әділ қазы ретінде қатысып отыр.

Байқауға елімізден Mezzo тобы қатысуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Группа MEZZO (@mezzo_kz)

Байқаудың үшінші күні олар авторлық әнін орындады.

Байқау қорытындысы 25 тамызда шығады.

Оқи отырыңыз: "Кел, күнім сол": Димаш Құдайбергеннің әрекеті жұртты тамсандырды - видео

 

Жаңалықтар
0