25 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
10.00 – Новосібірде "ТЕХНОПРОМ -2021" технологиялық дамудың VII халықаралық форумы өтеді. Қонақтар мен спикерлер қатарында белгілі бизнесмендер, ғалымдар, ғылыми қалашық пен инновациялық орталық, сонымен қатар министрлік пен ведомство басшылары бар. Форумның негізгі тақырыбы – ғылым мен инновацияның түрлі деңгейдегі әлеуметтік және өндірістік жобалармен байланысы. Ресей синхронотронның жаңа 4-ші буынын, карбон полигонын, Новосібір мемлекеттік университетінің әлемдік деңгейдегі білім беру кампусы мен өзге де жаңашылдықтарын таныстырады.
Бұдан бөлек, форум аясында Орыс үйі "Новосібір – Нұр-Сұлтан" телекөпірін ұйымдастырады. Оның қатысушылары ядролық физика саласының бірлескен жобаларын талқылайды. Форум гибридтік форматта өтеді, қазақстандық ғалымдар, мамандар мен бизнесмендердің онлайн режимінде қатысуына мүмкіндік жасалады. Форумға ресми сайт арқылы тіркелуге болады.
СЕМЕЙ
10.00 – Семей қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының "Маңызды шешімдер кезеңі" қор көрмесі ашылады. Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов ашады. Көрме Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеудің Республикалық жоспары шеңберінде ұйымдастырылды және Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған. «Маңызды шешімдер кезеңі» көрмесі Семей қаласы, Абай көшесі, 86, Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында ашылады және 2021 жылдың 27 қыркүйегіне дейін жалғасады.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс. Ақпаратты 23.06.21 ж., сағ. 18:00-ге дейін 264707@mail.ru және
presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына жіберген абзал. Байланыс нөмірлері: +7 (7172) 69-30-51 (Елбасы кітапхасының Баспасөз қызметкері Аяулы Валитова), +7-705-549-52-37 (ШҚО Ішкі саясат басқармасының қызметкері Сәуле Қалиғазина).
НҰР-СҰЛТАН
12.00 – "Алдар көсе ертегілері" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).
16.00 – "Путешествие по сказкам" спектаклі (Абу-Даби Плаза, Сығанақ көшесі, 14/5).
19.00 – "Музыка без границ" спектаклі ("Астана Опера" театры, Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).
АЛМАТЫ
12.00 – "Теремок" спектаклі (Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, Пушкин көшесі, 63).
18.30 – "Любовница" спектаклі ("Өркен" театр-студиясы, ағайынды Абдуллиндер көшесі, 38).
19.30 – "Дилфизо және Донада" спектаклі ("Трансформа" кеңістігі, Байзақов көшесі, 280).
26 ТАМЫЗҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
14.00 - "Қазатомпром" АҚ 2021 жылдың бірінші жартыжылдығын қорытындылайды. Баспасөз брифингі Zoom Meetings платформасында онлайн өтеді. 25 тамыз сағат 18:00-ге дейін аккредитация жасау керек. Конференция сілтемесі: https://zoom.us/j/91956664891? pwd= RzVRWWpVOUJLK0hCR0V0MkI1T3Urdz 09 Идентификаторы: 919 5666 4891; Код: 087617, Байланыс үшін: Әсел Берімжарова (Қазақстандық баспасөз клубы) Тел./WhatsApp: +7 701 749 0200 E-mail: press@pressclub.kz.
1 қыркүйекке жоспарланған шаралар
1-5 қыркүйек - Қарағандыда өрт сөндіру-құтқару спортынан ерлер арасында XVI әлем чемпионаты және әйелдер арасындағы VII әлем чемпионаты өтеді.
15-17 қыркүйек - XVII Еуразиялық медиафорум. eamedia.org сайтында қатысушыларды тіркеу басталды. БАҚ аккредитациясы бойынша: Жансая Төлеухан, 8(778) 254-60-04, pr@eamedia.org Әсел Мираева, 8 (747) 757-57-35, info@eamedia.org
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.