Ал сәуірде ашылған "Керуен сарай" туристік кешені қалаға келетін қонақтар санының артуына зор үлес қосты.
Алайда бұл Түркістанда жаңадан бой көтерген нысандардың бір парасы ғана. Одан бөлек қазір жаңа музейлер де келушілерді құшақ жая қабылдайды.
Sputnik Қазақстан тілшісі Түркістанға сапары кезінде Ясауи кесенесі мен "Керуен сарай" кешенінен басқа қай жерлерді тамашалауға болатынын көріп қайтты.
Толығырақ фотолентадан көріңіз.
© Sputnik / Айгерім ТаубайТүркістанның басты мұрасы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат әлі күнге дейін сыртқы келбетін де, тұрғындар үшін маңыздылығын да жоғалтпаған. Қазір мұнда келіп зиярат етіп жүрген адам көп. Киелі орынға жол түскен жексенбіде кесенеге кіру тегін болды.
1/16
© Sputnik / Айгерім Таубай
Түркістанның басты мұрасы – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. 14 ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат әлі күнге дейін сыртқы келбетін де, тұрғындар үшін маңыздылығын да жоғалтпаған. Қазір мұнда келіп зиярат етіп жүрген адам көп. Киелі орынға жол түскен жексенбіде кесенеге кіру тегін болды.
© Айгерім ТаубайБұрын кесене ішінде фотоға түсуге тыйым салынған еді. Ал қазір келген қонақтар мен қала тұрғындары емін-еркін Тайқазан мен өзге де мұраларды фотоға түсіре алады. Сондай-ақ кесене ішіне түрлі кітап, ер-тұрман, фотолар қойылып, музейге айнала түскенін аңғаруға болады.
2/16
© Айгерім Таубай
Бұрын кесене ішінде фотоға түсуге тыйым салынған еді. Ал қазір келген қонақтар мен қала тұрғындары емін-еркін Тайқазан мен өзге де мұраларды фотоға түсіре алады. Сондай-ақ кесене ішіне түрлі кітап, ер-тұрман, фотолар қойылып, музейге айнала түскенін аңғаруға болады.
© Түркістан облысының әкімдігіТүркістанның тағы бір көрікті орны – "Керуен сарай" туристік кешені. Бұл кешен биыл 10 сәуірде ашылды. Қазір мұнда түсірілген фотоларды әлеуметтік желіде жиі көріп қалуға болады.
3/16
© Түркістан облысының әкімдігі
Түркістанның тағы бір көрікті орны – "Керуен сарай" туристік кешені. Бұл кешен биыл 10 сәуірде ашылды. Қазір мұнда түсірілген фотоларды әлеуметтік желіде жиі көріп қалуға болады.
© Айгерім ТаубайЖергілікті тұрғындар мен жақын аудан, облысқа мәлім тағы бір маңызды орын – Түркістанның орталық базары. Мұнда әдетте тіршілік қайнап жатады. Соған қарап қала тұрғындарының тұрмысы осы базарға тікелей байланысты деген тұжырым жасауға болады. Эпидемиологиялық ахуал асқынып кетпеуі үшін сенбі-жексенбі барлық нысан жұмыс істемейді. Содан болар қалада жүрген адам жоқтың қасы.
4/16
© Айгерім Таубай
Жергілікті тұрғындар мен жақын аудан, облысқа мәлім тағы бір маңызды орын – Түркістанның орталық базары. Мұнда әдетте тіршілік қайнап жатады. Соған қарап қала тұрғындарының тұрмысы осы базарға тікелей байланысты деген тұжырым жасауға болады. Эпидемиологиялық ахуал асқынып кетпеуі үшін сенбі-жексенбі барлық нысан жұмыс істемейді. Содан болар қалада жүрген адам жоқтың қасы.
© Айгерім ТаубайМектепке дайындық басталғандықтан, күндіз базарда адам үзілмейді. Бұл жерден көрші Кентау қаласы, Түлкібас, Отырар секілді аудандар мен Қызылорда облысынан келіп киім және өзге де зат алатындар бар. Бағасы қолжетімді, салыстырмалы түрде таңдау мүмкіндігі бар. Қазір орталық базарда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Базар ішінде демалыста тек нан мен су сататын адамдарды кездестіруге болады.
5/16
© Айгерім Таубай
Мектепке дайындық басталғандықтан, күндіз базарда адам үзілмейді. Бұл жерден көрші Кентау қаласы, Түлкібас, Отырар секілді аудандар мен Қызылорда облысынан келіп киім және өзге де зат алатындар бар. Бағасы қолжетімді, салыстырмалы түрде таңдау мүмкіндігі бар. Қазір орталық базарда жөндеу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Базар ішінде демалыста тек нан мен су сататын адамдарды кездестіруге болады.
© Айгерім ТаубайТүркістан наны. Бағасы – 90 теңге.
6/16
© Айгерім Таубай
Түркістан наны. Бағасы – 90 теңге.
© Айгерім ТаубайБазар ішінде орындықтар, қоқыс тастайтын жәшіктер қойылып, қабырғаларға Түркістан символының суреті салынған.
7/16
© Айгерім Таубай
Базар ішінде орындықтар, қоқыс тастайтын жәшіктер қойылып, қабырғаларға Түркістан символының суреті салынған.
© Айгерім ТаубайБазар ішінде ЭЦҚ кілтін ашу секілді компьютерлік қызмет көрсететін дүкен көп. Олар тіпті демалыс күндері де ашық тұр.
8/16
© Айгерім Таубай
Базар ішінде ЭЦҚ кілтін ашу секілді компьютерлік қызмет көрсететін дүкен көп. Олар тіпті демалыс күндері де ашық тұр.
© Айгерім ТаубайТүркістан базары.
9/16
© Айгерім Таубай
Түркістан базары.
© Айгерім ТаубайТүркістанда адам көп жиналатын тағы бір орын – Жеңіс саябағы.
10/16
© Айгерім Таубай
Түркістанда адам көп жиналатын тағы бір орын – Жеңіс саябағы.
© Айгерім ТаубайСаттар Ерубаев көшесінде орналасқан саябақ жастардың ең көп жиналатын жері. Қазір мұнда электронды самокаттар қойылған, саябақ ішінде спортпен шұғылдануға да болады.
11/16
© Айгерім Таубай
Саттар Ерубаев көшесінде орналасқан саябақ жастардың ең көп жиналатын жері. Қазір мұнда электронды самокаттар қойылған, саябақ ішінде спортпен шұғылдануға да болады.
© Айгерім ТаубайТүркістанның әлем картасындағы орны көрсетілген глобус. Ол да "Жеңіс саябағының" ішінде тұр.
12/16
© Айгерім Таубай
Түркістанның әлем картасындағы орны көрсетілген глобус. Ол да "Жеңіс саябағының" ішінде тұр.
© Айгерім ТаубайСаябаққа келген адам "Өмірді өзгертуге бір кеңес" бұрышына ойын жазып қалдыра алады. Арасында "өзіңе сен", "Құран оқы", "сабыр сақта" секілді кеңес пен түрлі хаттар бар. Тіпті "ҰБТ 140 балл" секілді мотивацияға толы жазба қалдырылған.
13/16
© Айгерім Таубай
Саябаққа келген адам "Өмірді өзгертуге бір кеңес" бұрышына ойын жазып қалдыра алады. Арасында "өзіңе сен", "Құран оқы", "сабыр сақта" секілді кеңес пен түрлі хаттар бар. Тіпті "ҰБТ 140 балл" секілді мотивацияға толы жазба қалдырылған.
© Түркістан облысы әкімдігіҚаланың жаңадан салынған ғимараттары арасында "Ұлы дала елі" музейіне баруға мүмкіндік туды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қарама-қарсы орналасқан бұл мұражайды Атырау облысы Түркістанға сый ретінде салып берген.
14/16
© Түркістан облысы әкімдігі
Қаланың жаңадан салынған ғимараттары арасында "Ұлы дала елі" музейіне баруға мүмкіндік туды. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне қарама-қарсы орналасқан бұл мұражайды Атырау облысы Түркістанға сый ретінде салып берген.
© Айгерім ТаубайМұражайда 9 зал бар. Ішіне ғұн, сақ дәуіріндегі ер-тұрман мен қазақ жауынгерінің бес қаруы, Есік даласынан табылған Алтын адам бейнесі секілді экспонаттар қойылған. Мұражайға кіру құны оқушыларға – 100 теңге, ересектер үшін – 500 теңге.
15/16
© Айгерім Таубай
Мұражайда 9 зал бар. Ішіне ғұн, сақ дәуіріндегі ер-тұрман мен қазақ жауынгерінің бес қаруы, Есік даласынан табылған Алтын адам бейнесі секілді экспонаттар қойылған. Мұражайға кіру құны оқушыларға – 100 теңге, ересектер үшін – 500 теңге.
© Айгерім Таубай"Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы" залында Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, одан кейін ел басқарған Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай хандардың өмірбаяны жазылған. Сондай-ақ Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейханның бейнесін көруге болады.
16/16
© Айгерім Таубай
"Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы" залында Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек, одан кейін ел басқарған Қасым, Есім, Тәуке, Әбілқайыр мен Абылай хандардың өмірбаяны жазылған. Сондай-ақ Әл-Фараби, Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Әлихан Бөкейханның бейнесін көруге болады.