НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Жапония астанасы - Токио қаласында XVI жазғы Паралимпиада ойындары ашылды. Жапония императоры Нарухито сайысқа бастау берді.
Салтанатты шеруге барша елден 5 мыңға жуық атлет қатысты, деп хабарлайды Қазақстан ұлттық Олимпиада комитеті.
© Photo : Национальный олимпийский комитет РКДоданың ашылу салтанаты
Доданың ашылу салтанаты
© Photo : Национальный олимпийский комитет РК
Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 25 спортшы қатысады. Оның ішінде 7 спортшы суда жүзу, 6 спортшы дзюдо, 5 спортшы пауэрлифтинг, 3 спортшы таеквондо, 2 спортшы жеңіл атлетика бойынша бақ сынайды. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар алғаш рет каноэде ескек есу мен оқ атудан жолдама алды.
Дода 5 қыркүйекте аяқталады. Коронавирус пандемиясына байланысты көрерменсіз өтеді.