Әлем

Тәлібтер* Ауғанстанды басқаратын кеңес құрады – оның құрамына кім кіреді?

© REUTERS / STRINGERБоец Талибана с автоматом M16 стоит у здания Министерства внутренних дел в Кабуле, Афганистан
Боец Талибана с автоматом M16 стоит у здания Министерства внутренних дел в Кабуле, Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Кеңес 12 адамнан тұрады, оның құрамына Талибан* қозғалысының көшбасшылары және басқа террористік топ өкілдері кіреді

АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Ауғанстанды 12 адамнан тұратын кеңес басқарады. Оны Талибан* басшылары құрғалы жатыр.

Кеңеске Талибан саяси кеңсесінің басшысы Абдул Ғани Барадар, қозғалыстың негізін қалаушы Мұхаммед Омардың ұлы – Мұхаммед Якуб, сондай-ақ "Хаккани желісі" террористік тобының жоғары лауазымды мүшесі Халиль әл-Рахман Хаккани кіреді, деп хабарлады Foreign Policy ақпарат көздеріне сілтеме жасап.

Барадар мен Якубқа жақын дереккөздің хабарлауынша, олар 20 жыл бұрын террористер өлтірген "Солтүстік альянстың" жетекшісі Ахмад Шах Масудтың ұлы Ахмад Масудты кеңеске қосқысы келетінін айтты. Басылым Панджшерде (Ауғанстан провинциясы – Sputnik ) тәлібтерге қарсы тұрған Масудтың кеңес құрамына қосылуы екіталай деп санайды.

Бұған дейін басшылықта болған әкімшіліктің кей мүшесіне министрліктерде қызмет ұсынылады.

*Талибан – Қазақстанда және басқа бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0