Әлем

Ресей кімдерді елге кіргізуге тыйым салмақ - заң жобасы

© Sputnik / Maksim Blinov / Медиабанкке өтуКрымский мост в Москве
Крымский мост в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Көрші елдің депутаттары діни және ұлттық алауыздық тудыруға тырысқан немесе Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тіл тигізген шетелдіктердің Ресейге кіруіне тыйым салатын заң жобасын әзірледі

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тіл тигізген және фашизмді ақтауға тырысқан адамдарға Ресей аумағына кіруге тыйым салынады. Бұл туралы ресейлік депутат Александр Хинштейн хабарлады.

Ресейлік депутаттар діни және ұлттық алауыздық тудыруға тырысқан, орыс тілді азаматтарға қысым көрсеткен немесе Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тіл тигізген шетелдіктердің Ресейге келуіне тыйым салатын заң жобасын әзірледі. 

Заң жобасы авторларының бірі – РФ Мемлекеттік Дума депутаты Александр Хинштейн "Ресей Федерациясынан шығу және Ресей Федерациясына кіру тәртібі туралы" заңға енгізілген түзетулер және бұрынғы КСРО елдерінде қасақана алауыздық тудыруға тырысып жатқандар кімдер екені туралы айтып берді. 

Ресей ішкі істер министрлігінің ғимараты, архив сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Қоғам
Қуат Ахметовке Ресейге кіруге 50 жылға тыйым салынды

Қырғызстанда мас азаматтың орыс тілінде сөйлейтін сатушыға калькулятор лақтыруын, Қазақстанда блогер Қуат Ахметов ұйымдастырған "тіл патрульдерін" Хинштейн "русофобия актілері" деп атады. 

"Кіру-шығу тәртібі туралы заңға түзету енгізіп, белгілі бір адамдар тобына тыйым салу туралы бастама туындады. Ресей аумағына кіруге шектеу алған адамдардың барлық әрекеті қылмыстық әрекет болып сипатталатынын атап өткім келеді. Сондықтан, Ресей аумағында тұрмаса да, Ресей заңы бойынша қылмыс жасаған адам біз үшін құтты қонақ емес екені ақылға қонымды", - деді Хинштейн. 

Александр Хинштейн Ресейге апаратын жолды мәңгіге жабатын қылмыстарды атады. 

"Біріншіден, бұл ұлт пен дінге қатысты қылмыс. Яғни, діни, ұлт сипатында алауыздық тудыру, діні, ұлты, жынысы немесе басқа да белгілері бойынша балағаттау. Сонымен қатар ол зираттарды, соғыс кезіндегі қорымды, мемориал кешендерін қорлау, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне тіл тигізу, соғыс жылдарындағы Кеңес Одағы әрекеті туралы жалған ақпарат таратуға да қатысты", - деп түсіндірді депутат. 

Хинштейннің айтуынша, Нюрнберг процесінің шешіміне қарсы келгендер немесе нацистерді қолдайтындар үшін де Ресей есігі жабық болады. 

"Бұл әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдары, интернет желісі арқылы, қоғамдық кеңістке орындалса, бұл ол адамдарға Ресейге кіруге тыйым салуға негіз болады. Қысқаша айтқанда, бізге ұлтшылдар, шовинстер, экстремистер мен фашистер қажет емес", - деді ол. 

Хинштейн ұлтшылдар туралы мәлімет Ресей ІІМ көші-қон органдарындағы тізімге енгізілетінін айтты. 

"Мұндай тізім бар. Ол Ресей аумағында қылмыстық немесе әкімшілік қылмыс жасаған, елде болу мерзімін сақтамаған азаматтар Ресейден "қуылды". Бұл база кеңейе беретін секілді. Әйтсе де кейді біздің ұстанымыздарға қайшы келетін пікірді жария ететін шетелдік ірі саясаткерлер де бар. Сондықтан жоғары саясат мүддесі деген бар. Ол кейде бізге ұнамсыз әрекеттерді ақтай алады. Мысалы, тәлібтермен келіссөз жүргізуге мәжбүрміз. Бірақ заң қабылданса, оның талаптары қоғам белсенділері, түрлі деңгейдегі депутаттар, шенеуніктер сынды көп сяаси қайраткерлерге қатысты болады", - деді Хинштейн. 

Люди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.08.2021
Қоғам
"Тіл майданы" қозғалысы төңірегіндегі жанжалға қатысты мамандар пікір білдірді

Депутат Ресей тек орыстарды балағаттаған адамдарға ғана өз аумағына келуге шектеу қояды деп ойламау керек екенін айтты. 

"Ешкімді төмендетуге, балағаттауға болмайды. Егер ол адам жария түрде латыштарды, литвалықтарды, еврейлерді, поляктарды балағаттаса да, ел аумағына круге тыйым салынады. Адамды тегі, көз қиығы немесе түсіне қарай төмендететіндер Ресейге қажет емес", - деді Хинштейн. 

Алайда ол осы мәселе бір ғана заң жобасымен реттеле қоймайтынын ескертті. Оның ойынша, Ресейде осы бағыт бойынша ауқымды мемлекеттік іс-әрекет қажет. Өйткені ұлтшылдықты қолдан тудырып, алауыздықты қасақана өршітетіндер көп. 

"Ұлтшылдық адамдардың бір-біріне қарсы қойып, жік-жікке бөлуді мақсат ететін ортада пайда болады. Бұл әсіресе посткеңестік кеңістікте белең алып жатыр. Ресей көпұлтты мемлекет және бейбітшілік пен келісімнің бағасы әркез жоғары", - деді ол. 

Александр Хинштейн ұлтшылдармен күрес жүргізу кезінде эмоцияға ерік бермей, қатаңдық таныту керек екенін айтты. 

Сұхбаттың толық нұсқасын Sputnik агенттігінің YouTube-арнасынан көріңіз.

Жаңалықтар
0