Мәдениет

"Новая волна" байқауында Mezzo тобы Батырхан Шүкеновтің әнін орындады – видео

© dimashnews.comMEZZO тобы "Новая волна" байқауында
MEZZO тобы  Новая волна байқауында - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Yandex newsTelegram
Төрт жігіттен құралған қазақстандық Mezzo тобы Батырхан Шүкеновтің әнін орындап, үздік үштікке енді

АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. "Новая волна" халықаралық байқауына Қазақстан атынан қатысып жатқан Mezzo тобы сайыстың екінші күнінде де үздік үштік қатарына енді. Бұл жолы төрт жігіттен құралған топ Батырхан Шүкеновтің "Дождь" әнін орындады.

Осылайша олар құрамында қазақстандық әнші Димаш Құдайберген бар қазылар алқасының жоғары бағасын алды.

Байқаудың екі күніндегі нәтиже бойынша Mezzo тобы 170 балл жинады. Олар қатысушылар арасында үшінші орында тұр. Ал бірінші орында Saro есімді Армения әншісі бар. Ол тағы да ең жоғары баға алып, 179 ұпай жинады. Екінші орында 173 ұпай жинаған Болгариядан келген Деница Караславова тұр.

Қатысушылар байқаудың алғашқы күнінде әлемге әйгілі әндерді орындаса, екінші күні өз елінде көпшілікке таныс композицияны сахнаға алып шықты.

Dimashnews.com хабарлауынша, байқау басталар алдында қазылар алқасының концерті өтті. Ол жерде танымал әншілер өнер көрсетіп, қатысушыларға мастер класс көрсетті.

Димаш Құдайберген Игорь Крутойдың "Я скучаю по тебе" композициясын автордың сүйемелдеуімен орындады. Көрермен әртісті жылы қабылдады, залда Ресейден және басқа да елдерден көптеген Dears бой көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МУЗ-ТВ (@muztv)

Айта кетері, биыл байқаудың қазылар алқасы құрамында Димаш Құдайбергенмен қатар Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Artik & Asti, Леонид Агутин және Дима Билан сияқты танымал адамдар бар.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайберген халықаралық байқауда жаңа әнін орындады – видео

 

Жаңалықтар
0