Қоғам

Грузия мен Әзербайжаннан көлік сатып алудың салдары қандай

© pixabayКолесо автомобиля
Колесо автомобиля - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баж бен салықты төлемей Қазақстан аумағына тіркеуге қойылған 156 көлікті анықтады

АЛМАТЫ, 24 тамыз – Sputnik. Кедендік баж бен салық төлеуден босатылған шетелдік көліктерді Қазақстанға алып келу жиілеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, олар бастапқыда жеке пайдалану мақсатында уақытша әкелінеді. Содан кейін шетел азаматы көлікті қазақстандықтарға сатады.

Комитет ақпаратына сәйкес, бұл көліктердің басым бөлігі Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің өткізу пунктері арқылы уақытша әкелінген. Олар шетелдік тауар болып саналады. Сондай-ақ кедендік бақылауда болады.

ЕАЭО кедендік кодексінің 264-бабының 6-тармағы және 275-бабының 2-тармағына сәйкес уақытша әкелінген көліктер декларанттың, яғни әкелуді жүзеге асырған тұлғаның иелігінде болуға тиіс.

"Алайда қазір Қазақстан аумағына уақытша әкелінген көліктер кеден бажы мен салығын төлеуден, кедендік тазартудан жалтарып мемлекеттік тіркеуге қойылып жатыр. Шетел азаматтары жеке пайдалануға арналған шетелдік көліктерді әкелген соң біраз уақыттан кейін Қазақстан аумағынан кетеді. Олар негізінен Грузия мен Әзербайжан азаматтары", - делінген ақпаратта.

Мемлекеттік кірістер комитеті кедендік баж бен салықты төлемей Қазақстан аумағына тіркеуге қойылған 156 көлікті анықтады.

Осыған байланысты комитет Қазақстанның барлық азаматына уақытша әкелінген көлікті кедендік баж бен салықты төлегеннен кейін ғана сатып алып, Қазақстан аумағында пайдалануға болатынын ескертеді.

Жаңалықтар
0