Әлем

Коронавирус салдарынан Азияда кедейлер саны 80 миллионға жетті

CC0 / pixabay.com / Нищий просит милостыню на улице, иллюстративное фото
Нищий просит милостыню на улице, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.08.2021
Жазылу
Олар күніне 1,9 доллардан аз ақшаға өмір сүреді. Былтыр мұндай адамдар саны 75 миллионнан 80 миллионға дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз - Sputnik. Коронавирус пандемиясы салдарынан Азия елдерінде 80 миллион адам кедей болды. Бұл туралы Азия даму банкінің баяндамасында айтылған.

Олар күніне 1,9 доллардан (шамамен 800 теңге) аз ақшаға өмір сүреді. Былтыр мұндай адамдар саны 75 миллионнан 80 миллионға дейін жетті. 2017 жылы 203 миллион адам (Азияның дамушы елдері тұрғындарының 5,2 проценті) кедейлікте өмір сүрген, деді сарапшылар.

"Пандемия Азия-Тынық мұхит аймағының прогресіне қауіп төндіріп тұр. Әсіресе, денсаулық сақтау және білім саласында прогресс тоқтады", - делінген хабарламада.

Пандемияға дейін өңір экономикасы қарқынды өсті. 2019 жылы әлемдік ішкі жалпы өнімінің 35 проценті аймаққа тиесілі болған.

Жаңалықтар
0