Өңірлер

Видеоға түсіп қалған қостанайлық бірнеше сағатта жұлдыз болып шыға келді

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТвиттер
Твиттер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда тұрады. Ал Қостанайға ата-әжесіне келген. Ол жұлдыз болып кеткеніне таңғалды

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қостанайда көшеде билеген жас жігіт бірнеше сағат ішінде әлеуметтік желі жұлдызы болып шыға келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мади Нурмухамбетов (@madi_011mna10)

Мәдениет үйінің директоры Мәди Нұрмұхамбетовтың айтуынша, ол күні мерекелік автобуспен қаланы аралап жүрген. Жанында BRO дуэтінен ағайынды Бекболат пен Айдар Жазықпаевтар болды.

"Мен өзім микрофон ұстап тұрдым. Смартфоным жанымда еді. Бір кезде жігіттер видео түсіре бастады. Басында мән берген жоқпын. Үйге барғасын телефондағы видеоларды қарасам, өзім түсірмеген видео да жүр екен. Көшеде билеп бара жатқан жігітті көрдім", - дейді Нұрмұхамбетов "Костанайский новости" порталына сұхбатында.

Видеоны Бекболат пен Айдар түсіріп алған. Мәди оны бірден желіге жүктеді.

"Ол видеоны бірнеше сағат ішінде мыңдаған адам көріп шықты", - деп атап көрсетті Нұрмұхамбетов.   

Ал видеоға түсіп қалған биші жігіт – 22 жастағы Артем Корниенко. Қазіргі кезде ол Ұлыбританияда тұрады. Ал Қостанайға ата-әжесіне келген. Қызы да сонда тұрады. Артемнің өзі жұлдыз болып кеткеніне таңғалған. 

"Қалай болғанын, өзім де түсінбей қалдым. Жай билеп шығып едім, аяқ астынан танымал болып шықтым", - дейді Артем.

Оның айтуынша, сенбі күні қызымен кездескен. Құрбысы да келді. Ал көшемен келе жатқанда мерекелік автобус шыға келді. 

"Қыздар менің шыдай алмай, билеп кететінімді білді. Билегенді жақсы көремін ғой. Көңіл-күйді көтергім келді. Таңертең тұрсам, парақшама жазылған адамдардың саны күрт өскен. Бас кезінде ештеңе түсінбедім. Көп пікір жазылды. Хабарламаларды оқысам, бәрі мені белгілеп жатыр", - деді биші жігіт.

Артемға достары да қайта-қайта хабарласып, жұлдыз болғанын айтқан. 

"Солай сияқты деймін. Жұлдыз болсам, жұлдыз шығармын. Маған осында ұнайды. Ал соңғы оқиғадан кейін одан да көңілдірек болып кетті", - деді Корниенко.

Жаңалықтар
0