Қоғам

Ақорда желіде тарап кеткен фотоға қатысты түсініктеме берді

© Photo : УДПАқ орда жөндеу жұмыстары
Ақ орда жөндеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
"Ақорда" ғимараттың шатырына биыл алғаш рет жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол осыдан он жеті жыл бұрын салынған

АЛМАТЫ, 23 тамыз – Sputnik. Әлеуметтік желіде "Ақорда" ғимаратының фотосы жарияланды, суреттен шатырдың ернеуі түсіп қалғаны көрініп тұр. Қазақстандықтар мұны сапасыз жөндеу жұмыстарының нәтижесі деп бағалады.

Қазақстан президенті іс басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ақорда" резиденциясы шатырында жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол мамырда басталған, қыркүйекте аяқталады.

"Жаз бойы тарихи ғимараттың эстетикалық келбетін бұзбау үшін нысанның сыртына құрылыс сатылары орнатылмай, оның орнына неғұрлым жеңіл технология таңдалды. Жұмысшылар мен қажетті материалдарды шатырға кедергісіз көтеру үшін, жағалау жағындағы қабырғаның декоративті ернеуі алынып, құрылыс платформасы орнатылды", - деп түсіндірді басқармадағылар.

Басқарманың мәліметінше, жөндеу жұмыстары аяқталған соң декоративті элемент өз орнына қайта бекітіледі. Қазір ернеу қоймада тұр.

"Ақорда" резиденциясы 17 жыл бұрын салынған. Оның ресми ашылуы 2004 жылдың 24 желтоқсанында өтті. Биыл алғаш рет ғимараттың шатырына жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетері, президент резиденциясына, сондай-ақ үкімет үйі, министрліктер үйі, қаржы министрлігінің ғимарты тәрізді ең ірі әкімшілік кешендеріне техникалық қызметтерді Қазақстан Республикасы президенті іс басқармасы "Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мен үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны көрсетеді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанның қақ ортасында құрылысы аяқталмаған ғимарат бұзылып жатыр – видео

Жаңалықтар
0