Саясат

Тоқаев жаңа жарлыққа қол қойды

© Официальный сайт Президента КазахстанаАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Қазақстанның жаңа консулдығы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында орналасады

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

"Пусан қаласында (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын", - делінген жарлықта.

Президент үкіметке қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Пусан – аумағы жағынан Оңтүстік Кореяның Сеулден кейінгі екінші қаласы. Қала жағажайларымен, тауларымен және храмдарымен танымал. Сондай-ақ ол елдің ірі порты.

Тағы оқыңыз: Тоқаев Сеулде Абай мүсінінің ашылуына қатысты – фото

Еске салсақ, жуырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Мун Чжэ Иннің шақыруымен Корея астанасы Сеул қаласына мемлекеттік сапармен барды. Сапар барысында Тоқаев Сеулде Абай Құнанбайұлына қойылған бюсттің ашылу рәсіміне қатысты.

Жаңалықтар
0