Әлем

Тәлібтер Ауғанстанның экс-президенті Ашраф Ғаниді кешіргенін айтты

© AFP 2024 / JIM WATSONАуғанстан президенті Ашраф Ғани
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Талибан* қозғалысының басшысы Ашраф Ғани және бұрыңғы басшылықтағы бірқатар лауазымды тұлғаға елге оралуға рұқсат берді

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Тәлібтердің беделді көшбасшыларының бірі Халил ур Рахман Хаккани Талибан*қозғалысының басшысы елден қашуға мәжбүр болған Ауғанстанның бұрыңғы президентін кешіргенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, қозғалыс басшысы оған және бұрыңғы басшылықтағы бірқатар лауазымды тұлғаға елге оралуға рұқсат берді.

Бұл туралы Хаккани журналистерге берген сұхбатында айтты, деп жазды РИА Новости geo.tv арнасына сілтеме жасап.

"Біз Ашраф Ғаниді, Амрулла Салехты (бірінші вице-президент) және Хамдулла Мохибті (президенттің қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі) кешірдік. Біз барлығын, генералдан бастап (бізге қарсы соғысқан) қатардағы адамға дейін кешірдік", - деді Халил ур Рахман Хаккани.

Сонымен қатар ол тәлібтер және жоғарыдағы үш тұлғамен арадағы дұшпандық дінге қатысты ғана туындағанын айтты.

Ауғанстан президенті тәлібтердің ірі қалаларды басып алып, Кабулға кіруі кезінде елден кетуге мәжбүр болды. 15 тамыз күні тәлібтер президент сарайын бақылауға алды.

Ауғанстан президенті Ашраф Ғани қантөгістің алдын алу үшін елден кеткенін айтты. 16 тамызға қараған түні Талибандар* саяси кеңсесінің өкілі Мухаммед Наим Ауғанстанда соғыстың аяқталғанын хабарлады.

Елден кеткен үш күннен кейін президент Біріккен Араб Әмірліктерінен үндеу жариялап, жуықта отанға оралатынын айтқан.

Вице-президент Амрулла Салех болса конституция бойынша ендігі президент өзі екенін айтып, тәлібтерге қарсы күш көрсетуге шақырды.

Талибан* - Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Оқи отырыңыз: Тәлібтер билікке келді - Қазақстанға қандай қауіп төніп тұр

 

Жаңалықтар
0