Мәдениет

Ғалым Сұлтан Оразалин өмірден өтті

© Sputnik / Абзал КалиевГвоздики
Гвоздики - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, туған тілінің тұғырын, ұлтының ұлық мүдделерін ту еткен тұлға артына үлкен ғылыми мұра қалдырып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Филолог-ғалым Сұлтан Оразалин өмірден өтті. Ғалымның қайтыс болғаны туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева өзінің facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Ел руханияты тағы бір тарланынан айырылды. Алаштың ардақтысы, тіл жанашыры, белгілі филолог-ғалым, қазақ радиосы мен телевизиясына ерекше еңбегі сіңген асыл ағамыз Сұлтан Оразалин дүние салды. Саналы ғұмырын қазақтың әдебиеті мен мәдениетін дәріптеп, туған тілінің тұғырын, ұлтының ұлық мүдделерін ту еткен есіл тұлға артына алты ұрпаққа азық болар шығармашылық үлес пен ғылыми мұра қалдырып кетті", - деп жазды ол.

Министр Сұлтан Оразалиннің ел дамуына қосқан үлесіне де тоқталды.

"Тәуелсіздіктің таңында тәй-тәй басқан жаңа елдің игілігіне қызметке келіп, жас мемлекеттің ұлттық өрісін кеңейтуге білек сыбана кіріскен Сұлтан ағамыз жылдар өте Үкімет пен Президент жанындағы түрлі алқалардың айнымас мүшесі, ақылман абызына айналды. Отандық тіл саясаты, өнер мен мәдениет мәселелеріне қатысты құнды ғылыми ізденістері мен кесек ойлы шығармалары өскелең ұрпақтың ілім-біліміне қосылған үлкен мирас еді. Амал қанша… ажалға араша жоқ. Десе де, ұлы тұлғаның осынау ұлық жолы мен өнегесі оның өмірінің рухани жалғасы боп мәңгілікке ел есінде қалады", - деді Аида Балаева. 

Оқи отырыңыз: "Қазақтардың басын қатырып жүрміз": белгілі ғалым аудармадағы қателіктерді тізіп берді

 

 

 

 

Жаңалықтар
0