Видео

ҰҚШҰ Бас хатшысы ұйымның кезектен тыс отырысын қорытындылады – видео

Жазылу
Бейнеконференция режимінде өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының кезектен тыс отырысында Ауғанстандағы жағдай талқыланды

Тәжікстан, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан президенттері Ауғанстанда болып жатқан жағдайдың Орталық Азиядағы жалпы саяси және әлеуметтік ахуалға ықпалы мәселесін сөз етті.

Сессия Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның төрағалығымен бейнеконференция режимінде өтті. Кезектен тыс кездесу өткізу туралы шешім Ауғанстандағы оқиғаларға байланысты қабылданды.

Ауғанстандағы жағдайға байланысты ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі отырыстың негізгі тақырыбы болды. Көшбасшылар трансшекаралық сын-қатер мен қауіп туындай қалса, бірлесіп әрекет ету мәселесін талқылады.

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан президенті барлық сын-қатерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударды.

Жаңалықтар
0