НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Телефондағы қандай қосымшалар оның жадында көп орын алатыны туралы "Прайм" агенттігіне Цифрлық экспертизалар орталығының аналитик-зерттеушісі Эльвина Гельфанова айтып берді.
"Мобильді телефонның қосымшалары неғұрлым белсенді болса, ол соғұрлым "ауыр" болады. Мысалы такси шақырып, түрлі тапсырыстар жасауға болатын Яндекс.Go сияқты қосымшасының телефон жадындағы салмағы басым", - дейді маман.
Ал негізінен телефон жадының көп бөлігін түрлі мессенджерлер, музыкалық қызметтер мен файлдар библиотекасы алады.
Гильфанованың айтуынша, мессенджерлер мен браузерлерде қосымшалардың ішкі баптауы арқылы телефон жадын пайдалануды реттеуге болады. Орын босату үшін медиафайлдар мен кэшті тазалап отыру қажет.
Құрылғыны арнайы орнатылған баптаулар арқылы тазартқан дұрыс. Мысалы Apple телефондарында "Қосымшаларды тазарту" функциясы бар. Сол арқылы қажетсіз мәліметтерден арылуға болады.
"Егер қосымша App Store-дан өшіріліп тасталмаса, телефонды қайта жүктеген кезде мәліметтер қайтарылады", - дейді ол.
Android-тарда жадты тазалау функциясы телефонның баптауларында орналасқан. Алдымен "баптауларға" өтіп, "қосымшалар" бөлігін таңдау қажет.
Сол жерден керексіз мәліметтерді өшіруге болады. Құрылғы ең көлемді бағдарламаларды өзі көрсетіп тұрады. Жадты тазалау үшін "кэшті тазарту" немесе "мәліметтерді жою" функциясын таңдау қажет.
Оқи отырыңыз: Маман туыстар чатына кірген жұрт қалай алданып қалатынын айтты