НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Ауғанстанның бұрынғы байланыс министрі Сайед Ахмад Шах Садаат Германияның Лейпциг қаласында курьер болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды жергілікті Leipziger Volkszeitung басылымы.
© Photo : Twitter.com/EHA NewsЭкс-министр жиған-тергені аяқталған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты
Экс-министр жиған-тергені аяқталған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты
© Photo : Twitter.com/EHA News
Экс-шенеунік былтыр Ауғанстаннан кеткен. Жиған-тергені аяқталған кезде жұмыс іздей бастағанын айтты.
Садаат Lieferando тамақ жеткізу қызметіне орналасты. Алайда ірі еуропалық Telekom телекоммуникациялық компаниясында жұмыс істеуді армандайтынын жеткізді.