АЛМАТЫ, 23 тамыз — Sputnik. Алматыда 23 тамыздан бастап "Бюджетке қатысу" бойынша өтінімдер қабылданады. Қала тұрғындары 1 қазанға дейін budget.open-almaty.kz порталы арқылы ұсыныс бере алады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Жоба Алматының 8 ауданының әрқайсысына қалалық бюджеттен 800 миллион теңгеден бөлуді көздейді. Жалпы сомасы - 6,4 миллиард теңге.
Алматылықтардың өздері ашық дауыс беру арқылы қала бюджетін қандай бастамаларға бағыттау керектігін анықтайды. Идея авторларының өтінімдеріне Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері де өз бағасын береді.
Өтінімді қалай толтыру керек
Жобалық ұсыныстар budget.open-almaty.kz порталы арқылы қабылданады. Ол үшін өтінімді толтыру қажет.
- жобалық ұсыныстың атауы, оның сипаттамасы, нысанның мекенжайы;
- жобалық ұсыныстың эскизі мен сметасын міндетті түрде бекіту қажет;
- презентациялардың суреттерін қосу мүмкіндігі бар.
Бір жобаның құны 58,3 миллион теңгеден аспауға тиіс.
Жобалық ұсыныстар келесі өлшемдерге сәйкес болуы керек:
- бір автор - бір өтінім- бір нысан;
- ортақ пайдалану нысаны;
- нысан өткізу жоспарланған аудан аумағында, жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде орналасуы;
- әкімдік құзыреті шегінде болу және т. б.