Оқиға

"Адамдар басымен төмен салбырап қалған": Қазанда аттракцион істен шықты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуаттракцион
аттракцион - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2021
Жазылу
Ойын-сауық саябағының әкімшілігі аттракционның сынбағанын мәлімдеді. Ол күні техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылған

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз – Sputnik. Қазан қаласындағы "Қырлай" ойын-сауық саябағының келушілері сынып қалған аттракционнан шыға алмай, басымен төмен қарай салбырап отырды, деп хабарлайды "Татарстан 24" арнасы.

Куәгерлердің айтуынша, адамдар жарты сағат бойы 40 метрлік биіктіктен түсе алмады. Телеарнаның мәліметіне сәйкес, әткеншектің бір механизмі істемей қалған. Бұл аттракцион шілденің басында ашылған болатын.

Ал ойын-сауық саябағының әкімшілігі аттракционның сынбағанын мәлімдеді. Ол күні техникалық қызмет көрсету жұмыстары атқарылған. Содан жұмысшылар әткеншекті тексереміз деп, өздері мініп айналған.

"Адамдар жоғарыда тұрып қалған күннің өзінде басымен төмен қарай салбырап қалмайды. Әткеншектің орындықтары айналған кезде бас төменге салбырайды", - дейді қызметкерлер.

Жаңалықтар
0